«Әсем» балабақша туралы.
«Әсем» бөбекжай балабақшасы Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, А.Қайымбеков №6 көшесінде ғимарат орналасқан. Балабақшамыз келешекте ел басқарар, жер суына иелік етер, еліне халқын гүлдендірер, мәртебесін биіктетер, жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Балабақша ұжымы келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне қызмет етуде. «Әсем» бөбекжай балабақшасы ЖШС 2016жылдың желтоқсан айыннан бастап 4 топта 25 баладан 100 баламен іске қосылып, оқу-тәрбие жұмысы жүргізіліп келеді. Жаңа үлгіде типттік ғимаратта орналасқан. Ғимарат бір қабаттан тұрады. Топ бөлмелері, жатын бөлмелері, қабылдау бөлмелері бар. 2017 жылдың қараша айынан бастап балабақшамыз конкурсқа қатысып, 50 бала қосылып 150 баламен жұмыс жүргізіп келеміз. Балабақшамыздың қуаттылығы 150 орындық. Балабақшада 150 бала тәрбиеленіп, 6 топпен 26 қызметкер жұмыс атқарып келеді. Балабақшамызда білікті де білімді педагогтарымыз жұмыс атқаруда. Оқу тәрбие үрдісіне 13 педагог мамандарымен қамтамасыз етілген. Онда жоғары білімдісі-14, арнаулы орта-1. Аумағы түгел қоршалған, аула өсімдіктермен толық көгалдандырылған. Балабақшамызда жас ерекшелігіне байланысты ортаңғы «Балапан» және «Еркетай» топтары, ересек «Балдаурен», «Ботақан» және «Жұлдыз» топтары, Мектепалды даярлық «Қыран» тобы бар. Барлық топтарда жатын бөлмелері, ойын-тамақтану, әжетхана-жуыну бөлмелері бар. Сонымен қатар ғимаратта меңгеруші кабинеті, музыка залы, мед бике кабинеті орналасқан. Балабақшаның ғимаратында ас блогы, кір жуу бөлмесі және қойма орналасқан. Топтар қажетті жабдықтармен, көрнекі оқу құралдармен жабдықталған. Санитарлық-гигиеналық талаптарына сай мекемеде ылғалды жинау жұмыстары залалсыздандыру заттарын қолдана отырып күнделікті тазалық жұмыстары жүргізіледі.
«Әсем» бөбекжай балабақшамызда оқу-тәрбие үрдісі мемлекеттік білім беру стандарты мен нормативті-басқару құжаттарын басшылыққа алып жұмыс жасауда. Балабақшамыз мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмысын 3-6 жас аралығында жасөспірімдер арасында іске асырады және олардың денсаулығы қорғауды қамтамасыз ете отырып, жас ерекшеліктерін дамытады. 5 жасқа дейінгі балалардың ересек тобының жалпы білім беру бағдарламасына сай жүргізіледі. Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мақсатында педагогикалық ұжымның теориялық деңгейін көтеру мақсатында бір жылға іс-шара кестесі құрылған. Барлық топтарды баланың жас ерекшелігіне қарай топтастырып бөлінген. Топтарда тәрбиешілердің өздері жасаған түрлі материалдары мен көрнекілік құралдары баланың жасына сай жасалған. Топтарға қазіргі білім беру стандарттына оқыту жүйелері қарастырылған. Балабақша бес күн бойы жұмыс жасайды. Сенбі, жексенбі күндері демалыс. Оқыту мен тәрбиелеу үрдісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізгінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізігі ережелеріне сүйеніп жүргізіледі. Күнделікті ас мәзірі санитарлық нормаға сәйкес жасалып, оның дәлелдігі тексеріліп медбике қадағалап отырады. Әр айда күн тәртібіндегі бала өмірін ұйымдастырылуын қадағалап бақылау жүргізіліп отырып және оған талдау жасалады. Балабақшада балалармен жүргізілетін оқу қазақ тілінде жүргізіледі. Балабақшада жұмыс барысын реттейтін келісім шарттар түзілген:
-Ұжымдық шарт
-Басшымен келісім шарт
-Ата-аналармен келісім шарт
Балабақшамыздың педагогтары жоғары білімді мамандықтарды балабақшаға сай келгендіктен жұмысқа қабылданады. Балабақшада тәрбиешілер балаларға білім беруді аянбай еңбек етуде. Ұйымдастырылған оқу қызметтерін жаңартылған бағдарлама бойынша осы оқу жылының басынан бастап жұмыс жүргізіп келеді. Алты топта шығармашылық тақырыптармен жұмыс жасайды.